Тоқаев: Жасанды интеллект ел мүддесіне қызмет еткені дұрыс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды +7.kz.

Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллект білімді дамытуға және таратуға оң ықпал етеді.

“Заманауи үрдістердің пайдасы мен зиянын ажырата білуіміз қажет. Ұлт дүниетанымына жат нәрселердің білім жүйесіне енуіне жол бермеуіміз керек. Түптеп келгенде, жасанды интеллект ел мүддесіне қызмет еткені дұрыс. Бұл — озық технологиялардың ықпалы руханиятымызға, тарихи мұраларымыз бен бірегей мәдениетімізге ешқандай кеселін немесе зиянын тигізбеуі керек деген сөз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол оқушыларға берілетін білімнің мазмұны және оның сапасы дұрыс болуы керек екенін, жасанды интеллектіні толығымен емес, қажет жерде ғана қолдануды үйренудің маңызын айтты.

“Қайталап айтамын, жасанды интеллектіні білім беру ісінде көмек құралы ретінде қолдануға болады. Алайда білімнің сапасына және тәрбиелік мағынасына машина емес, адам жауапты болуға тиіс. Оқу материалының мемлекеттік стандартқа сәйкес болуын, оның ғылыми және мәдени талаптарға сай келуін мұғалім қадағалап отыруы керек. Ұстаз сапалы білімнің басты кепілі болып қала береді. Сондықтан Үкімет мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы контент жасауға мүмкіндік беретін ұлттық білім беру платформасын әзірлеуі қажет. Осы тұста бір мәселені арнайы атап өткім келеді: біз жасанды интеллект саласында ең алдымен өз елімізден шыққан өнімдерді пайдалануымыз керек”, — деді Президент.

Фото: Ақорда

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды