“Құлагер” хоккей командасының басшысы ұсталды

Бұған дейін алаяқтық бойынша күдікке ілінген “Құлагер” хоккей командасының басшысы Сергей Филь ұсталды, деп хабарлайды +7.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 45 жастағы тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

“Ер адам полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Сергей Филь басқа өңірде ұсталды, ол Қазақстан Республикасының шегінен шықпаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап оның клуб өкілдерімен бірнеше рет байланыс орнатуға тырысқанына қарамастан, байланысқа шықпағаны хабарланған еді. Сондай-ақ клуб Сергей Фильге қатысты құқық қорғау органдарына ықтимал алаяқтық фактісі бойынша арыздар түскенін білген. “Құлагер” командасында бұл оқиғалардың оның командадағы қызметіне қатысы жоқ екені атап өтілді.

БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, Сергей Филь Ресей азаматтығы бар хоккейшілерден Қазақстан паспорттарын жасатып беру үшін ақша жинап, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Фото: “Құлагер” ФК

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды