Мемориалдық қабырғаға Салтанат Нүкенованың есімі берілді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенова ел тарихына әсер еткен тұлғалар қатарына қосылды, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді. Қостанай облысындағы “Амангелді” туристік кешеніндегі мемориалдық қабырғаға Салтанат Нүкенованың есімі берілген.

“Пантеонда Қазақстан тарихында елеулі орын алған тұлғалардың арасында Салтанаттың есімі жазылған мемориалдық тақта орналастырылды. Бұдан бұрын Павлодардан топырақ жіберіп, оны пантеондағы мемориалға орналастырған едік. Мұнда Салтанат Қазақстан тарихына әсер еткен тарихи тұлғалар қатарына қосылды. Жолдағы әр шақырым мен сағат осы сапарға тұрарлық болды. Бұл біздің Салтанат туралы жаңа әрі қымбат естелігіміз болып қалды”, — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 2024 жылғы 13 мамырда тек қазақстандықтарды ғана емес, көрші елдерді де елең еткізген Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті. Ал оның туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Биыл Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов рақымшылықпен бостандыққа шықты.

Фото: instagram.com/aitym

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды