Шымкент пен Тараз қалаларында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды +7.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.
“Таразда және Жамбыл мен Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында түнгі жер сілкінісінің күші 4 баллға жетті”, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сейсмикалық станциялар желісі дүмпулерді сағат 1:29-да тіркеді. Эпицентр Алматыдан 465 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі ең қатты сезілген аудандар:
-
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 4 балл;
-
Жамбыл облысы, Тараз қаласы – 4 балл;
-
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы – 4 балл;
-
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 4 балл;
-
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы – 4 балл;
-
Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласы – 3 балл;
-
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы – 3 балл;
-
Түркістан облысы, Манкент ауылы – 3 балл;
-
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы – 3 балл;
-
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы – 3 балл;
-
Шымкент қаласы – 3 балл;
-
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы – 3 балл;
-
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – 3 балл;
-
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы – 3 балл;
-
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян (Чаян) ауылы – 3 балл;








