Францияның жаңа премьер-министрі отставкаға кетті

Францияның жаңа премьер-министрі Себастьен Лекорню отставкаға кетті, деп хабарлайды +7.kz.

Елисей сарайының баспасөз қызметі президент Эммануэль Макрон оның отставкасын қабылдағанын мәлімдеді.

Себастьен Лекорню – Макронның жақын серіктесі. Бұл жаңалықтан кейін нарықта француз компанияларының акциялары мен еуро бағамы төмендеді.

Лекорню бір ай бұрын үкімет басшысы болып тағайындалып, бірнеше апта бойы жаңа командасын жинаған еді. 5 қазан, жексенбі күні ол министрлер тізімін жариялап, түрлі партиялардың қолдауына үміт артқан, бірақ ешкімнің көңілінен шықпаған. Оңшылдар кабинет тым жұмсақ десе, солшылдар оны керісінше, тым консервативті деп санады.

Үкімет құрамын жариялағаннан кейін оппозиция да, кейбір одақтастар да сенімсіздік вотумын енгізетінін мәлімдеді. Лекорню алғашқы отырыс өтпей жатып-ақ таңертең отставкаға кетті. Ол Эммануэль Макронның соңғы екі жыл ішіндегі бесінші премьер-министрі болды.

Фото: SCANPIX/EPА

Related Posts

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды