eGov порталына кіру тәртібі өзгерді

Қазан айынан бастап eGov.kz электрондық үкімет порталы мен оның құрамдас бөліктерінде eOtinish сервисі, “Ашық үкімет” порталына авторизациялау тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

енді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бірінші кезеңде жүйеге кіргеннен кейін пайдаланушы өзін 1414 нөмірінен келетін SMS-код арқылы қосымша растауы қажет.

Жаңа авторизация жүйесі ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және мемлекеттік онлайн-қызметтерді пайдалану кезінде пайдаланушы деректерін қорғауға бағытталған.

“Екінші кезең авторизациясы ЭЦҚ кілтін жоғалту немесе үшінші тұлғалардың пайдаланушы кілтін пайдаланып eGov.kz порталында заңсыз қол жеткізу әрекеттерінен азаматтарды қорғайды. Мұны іске асыру үшін пайдаланушыны порталда тіркелген мобильді телефон нөмірі арқылы растау қажет”, – делінген ақпаратта.

1414 нөмірінен SMS келмесе не істеу керек?

SMS-кодтарды дұрыс алу үшін пайдаланушының телефоны eGov.kz порталындағы есептік жазбаға тіркелгенін тексеру қажет. Егер нөмір тіркелмесе, хабарламалар келмейді. Мобильді телефон нөмірін порталдағы есептік жазбаға тіркеу бойынша нұсқаулықты осы жерде қарауға болады.

SMS-кодсыз авторизацияның баламалы тәсілі бар ма?

Пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да авторизациялана алады. Ол үшін порталдағы авторизация бетінде көрсетілген арнайы QR-кодты мобильді қосымша арқылы сканерлеу қажет.

Пайдаланушы шетелде болса не істеу керек?

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүрген жағдайда 1414 нөмірінен SMS хабарламалар тек халықаралық роуминг қосылғанда ғана келеді. Сондықтан шетелде портал қызметтерін пайдалану алдында роуминг қызметінің қосылғанын тексеру маңызды.

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бергендерді қандай жаза күтіп тұр?

Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін үшінші тұлғаларға беру қауіпсіздік талаптарына сәйкес тыйым салынған. Себебі ЭЦҚ – жеке сәйкестендіру құралы және жеке қолтаңбамен теңестіріледі. ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл:

  • жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге);
  • лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (393 200 теңге);
  • орта бизнес субъектілеріне – 150 АЕК (589 800 теңге);
  • ірі бизнес субъектілеріне – 200 АЕК (786 400 теңге).

“Авторизациялау тәртібіндегі өзгеріс “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы” құжаттың 47-тармағына сәйкес енгізілді, онда көпфакторлы аутентификацияны міндетті түрде қолдану қарастырылған. Жаңартылған авторизациялау тәртібі жеке және заңды тұлғаларға бірдей қолданылады”, – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Фото: eGov.kz

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды