Көлсайға шомылған Павел Дуровқа қанша айыппұл салынатыны белгілі болды

Көлсай көліне суға түскен Павел Дуровтың қандай жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Павел Дуровқа қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы су айдынына шомылғаны үшін жауапкершілікке тарту Экология министрлігінің құзыретіне кіреді.

“Біз рәсімдеген жоқпыз. Тек бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан материалдарды жинап, мәселені қарастыру үшін Экология министрлігіне бердік”, – деді комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол Павел Дуровқа қанша мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты.

“Қалай жіктелетіндігіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өкілетті органдармен сөйлесу қажет. Ең төменгі шара ескерту және қателеспесем, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады”, – деді ол.

Фото: t.me/durov

  • Related Posts

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды