Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және тұтқындар алмасу туралы келісімнен кейін Израильге барды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі AP News басылымына сілтеме жасап.

Израиль президенті Ицхак Герцог пен премьер-министр Биньямин Нетаньяху Трампты әуежайда әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Екі жылға созылған соғыс кезінде үнемі наразылық шерулері өткен Тель-АвивтегіТұтқындар алаңында” жиналған жұрт Трампты қуана қарсы алған.

Дегенмен жағдай әлі де тұрақты емес. Израиль мен ХАМАС 2023 жылғы 7 қазанда басталған соғысты тоқтатуға бағытталған жоспардың алғашқы кезеңін енді ғана жүзеге асырып жатыр.

Бітімнің бірінші кезеңі бойынша:

Хамас ұстаған соңғы 48 тұтқынды босатады;

Израиль түрмелерінен жүздеген палестиналық босатылады;

Газа секторына гуманитарлық көмек көлемі арттырылады;

Израиль әскері Газаның негізгі қалаларынан ішінара шегінеді.

АҚШ президенті тағы бір рет соғыстық біткенін мәлімдеді.

Соғыс бітті, жарай ма? Адамдар соғыстан шаршады, сондықтан бұл бітім ұзаққа созылады деп ойлаймын”, деп қосты Трамп.

Трамп алдымен Израильде тұтқындардың отбасыларымен кездесіп, парламент Кнессетте сөз сөйлейді. 

Содан кейін ол Мысырға барып, президент Әбдел-Фаттах әс-Сисимен бірге Шарм-эш-Шейх қаласында 20-дан астам елдің басшылары қатысатын Таяу Шығыс пен Газадағы бейбітшілік саммитін өткізеді.

Израиль мен Мысыр Трампқа өз елдерінің ең жоғары азаматтық марапатын беретінін жариялады.

Алайда әлі нақты келісім орнаған жоқ. Келіссөздер сәтсіз аяқталса, Израиль әскери операцияларды қайта бастайтынын ескерткен.

Фото: Getty Images/Chip Somodevilla

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 63 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 128 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 59 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды