Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жыққан

Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жыққан, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған.

Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.

Оның айтуынша, ұлын шамамен 15-20 ер адам ұрып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бойынша іс қозғаған.

“Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Фото: Видеодан скрин

  • Related Posts

    Қазақстанда жануарларды өлтіргендер бес жылға сотталуы мүмкін

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    БҚО-да студент облыс әкімін сотқа беріп, жеңіп шықты

    Батыс Қазақстан облысында медицина университетінің студенті облыс әкіміне қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Қыз білім…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 132 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 63 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 58 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 99 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды