“Қайрат” – “Пафос” матчының билеті сатылымға шықты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық клуб бұған дейін сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” және өз алаңында испаниялық “Реал Мадридпен” ойнады. “Қайрат” енді Кипрдің “Пафос” командасымен кездеседі.
“Қайрат” пен “Пафос” арасындағы матч 21 қазанда Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді. Билеттер бүгін, 13 қазанда сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты.
Билетті Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады және ережелері “Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойыны кезіндегідей.
Қазір “Қайраттың” Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі ойыннан кейін қоржынында ұпайы жоқ. “Пафоспен” кездесуден кейін алматылықтар тағы бес ойын өткізеді.
Фото: “Қайрат” ФК








