Рөлде 13 жастағы бала болған: Алматы маңындағы жол апатында екі адам қаза тапты

Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur автокөліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Жеңіл көліктің рөлінде 13 жастағы бала болған болуы мүмкін, деп хабарлайды +7.kz.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар тарады. Кадрларда көліктердің соғылғаны және жарақат алған адамның айналасына ауыл тұрғындарының жиналғаны көрінеді.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат шамамен 00:30 кезінде болған. Алдын ала деректер бойынша, ВАЗ жүргізушісі басты жолмен келе жатқан Hyundai көлігіне жол бермеген.

Жол апатының салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші көліктің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді“, делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде Hyundai Grandeur көлігінің рөлінде 13 жастағы жасөспірім болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі полиция әзірге растаған жоқ.

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: Видеодан скрин

  • Related Posts

    Қазақстанда жануарларды өлтіргендер бес жылға сотталуы мүмкін

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    БҚО-да студент облыс әкімін сотқа беріп, жеңіп шықты

    Батыс Қазақстан облысында медицина университетінің студенті облыс әкіміне қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Қыз білім…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 132 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 63 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 58 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 99 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды