Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болды

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды”, — делінген хабарламада.

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын аяқтаған.

Дипломатиялық мансабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен Атташесі лауазымдарынан бастады.

1998-1999 жылдары БҰҰ Басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы.

1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты.

2003-2005 жылдары – ҚР Президенті Кеңсесінің Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы.

2005-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан Орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.

2013-2016 жылдары ҚР Президентінің Кеңесшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі және Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкіл

2020 жылдың 30 қыркүйегінен Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.

Фото: gov.kz

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды