Азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке мобилді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салынды. Оларды енгізу тек eGov және Aitu платформаларында жүзеге асырылуы тиіс, деп хабарлайды +7.kz.
Оған қоса, ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді қосымшалар SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырады.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
“Қаржы, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, “Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі” корпоративтік қорын өңірлік инновациялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде нығайту үшін 2025 жылғы 10 қарашаға дейін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтсін”, – делінген шешімде.
Фото: depositphotos.com








