Қостанай облысында мейрамханада өткен тойға келген қонақтардың жаппай уланып қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, олар туысының 60 жылдық мерейтойын атап өткеннен кейін көптеген қонақтар өзін нашар сезінген.
Қыздың сөзінше, Қостанай облысында туысының мерейтойы өткен, алайда одан кейін оның ата-анасы да, тағы 150-ден астам адам да улану белгілерін сезінген. Той Арқалық қаласында өткен.
“Кеше туысымыздың 60 жылдық мерейтойы өткн еді. 150-ден астам адам уланып қалды. Оның ішінде менің ата-анам да бар. Торғайдағы ауруханада қазір орын жоқ. Адамдарды Арқалық пен Қостанайға жіберіп жатыр. Мейрамхананың жауапсыздығының кессірінен, адамдар зардап шегіп жатыр”, – деп жазды threads желісінде s.lybovvyou парақшасының иесі.
Жергілікті билік немесе санитарлық қызметтер тарапынан әзірге ресми ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.








