“Құтқарыңыз”: Таразда автобус күтіп тұрған қызды алып қашқан

Таразда алядамада автобус күтіп тұрған қызды бірнеше жігіт көлікке күшпен отырғызып, алып қашқан, деп хабарлайды +7.kz.

Оқиға ондаған қала тұрғынының көзінше болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз айқайлап, қарсыласқан, алайда жігіттер тез әрі батыл әрекет еткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызды “үйлену мақсатында” алып қашқаны белгілі болды. Біраз уақыттан кейін қыз босатылған және зардап шекпеген. Алайда полиция бұл жағдай бойынша “Адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, тергеуге алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы — “Адам ұрлау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараптардың бұрыннан таныс болғаны және өзара шағымдары жоқ екені анықталды”, — делінген ведомство мәліметінде.

Еске салайық, аталған бап бойынша қолданылатын жаза биыл күшейтілді. Енді адам ұрлағандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Видеодан скрин

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды