Ақтөбеде такси жүргізушісі Chevrolet автокөлігімен жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қазанға қараған түні болған. 2005 жылы туылған жүргізуші Chevrolet автокөлігімен қызды қағып кеткен. Артынша жүргізуші көлікті басқара алмай, тағы үш автокөлікке соғылған.
Қыз бала миы шайқалып, сүйектері сынған күйінде ауруханаға жеткізілді.
“Баланың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында”, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Жүргізушінің өзі де түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
“Жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатырмыз”, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: depositphotos.com








