Астанада Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісін өлтіріп кетті

Астанада Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаров қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.

“Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жаты”, – делінген полиция хабарламасында.

Ержан Бабақұмаров 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Президенттің кеңесшісі болған.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген.

1991 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “саясат тарихының оқытушысы” мамандығы бойынша бітірген.

1995-1966 жж. –  Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, директоры.

1996 ж. – Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.

1996-2004 жж. – 2004 жылдың сәуір- қыркүйегі –  ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

2004 жылдың қыркүйегі – 2005 жылдың наурызы –  ҚР Президенті Әкімшілігініңпрезиденті әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылдың наурызы – 2006 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат, мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі.

2007 жылдың қазаны – 2008 жылдың мамыры – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.

2008 жылдың мамыры – 2012 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі  меңгерушісінің орынбасары.

2012 жылдың қазаны – 2016 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016 жылдың маусымы – 2018 жылдың желтоқсаны – ҚР  Премьер-министрі кеңсесі  меңгерушісінің орынбасары.

2018 жылдың желтоқсаны – 2019 жылдың сәуірі – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.

2019 жылдың 5 сәуірінен – 5 шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі.

2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Фото: primeminister.kz

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды