Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Orda.kz басылымына сілтеме жасап.
Наразылық акциясы министрлер үйінің 16-шы кіреберісі алдында өтіп жатыр. Аналар армияға реформа жүргізуді және ұлдарының өліміне байланысты әділ тергеу өткізуді талап етті.
“Сарбаздардың өлімі тоқтауы керек. Әділ тергеу болсын. Әділ сот болсын”, “Дәлелдерді жояды, кінәлілер жауапкершіліктен құтылады, ал біздің балаларымыз қаза табуда! Неліктен олар жазаланбайды? Ең көп дегенде, немқұрайдылық танытқан әскери қызметкерді жұмыстан босатады. Олар заңды бұзады” – деп ашуланды наразылыққы шыққандар.
Қызмет барысында қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары әділ тергеу жүргізуді, әскердегі жүйені реттеуді талап етті. Олар ұлдарының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.
Фото: Orda.kz








