Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көптеген қаласында судьяларды ауыстырды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Президент 2025 жылғы 10 қарашада “Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары, алқалар төрағасы және судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы” жарлыққа қол қойды.
Төраға лауазымына тағайындалды:
Алматы қаласы бойынша:
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Раисов Тимур Төлегенұлы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа — Нұрбеков Айбар Баймаханұлы.
Ақмола облысы бойынша:
Сандықтау аудандық сотына — Садырмекова Арайлым Тәліпбекқызы;
Степногор қалалық сотына, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып – Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қаласының № 2 сотына — Ізбағамбетова Сандуғаш Жақиянқызы;
Әйтеке би аудандық сотына, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Бертанов Талғатбек Батырбайұлы.
Атырау облысы бойынша:
Мақат аудандық сотына — Орыспаев Құрмет Орыспайұлы.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ғұмарова Тамара Сәлімжанқызы;
Бөкей ордасы аудандық сотына, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Шыңғалиев Марат Энгельсұлы;
Орал қаласының № 2 сотына — Сұханова Гүлдану Ибрайқызы.
Қостанай облысы бойынша:
Әулиекөл аудандық сотына — Оспанова Балжан Қайыргелдинқызы;
Қамысты аудандық сотына, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ертаева Ғалия Қайырқанқызы;
Қостанай қалалық сотына — Сәдуақасов Жұмабек Майхибинұлы.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Шал ақын ауданының мамандандырылған ауданаралық сотына, Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Омаров Рүстем Қошқарұлы.
Түркістан облысы бойынша:
Ордабасы аудандық сотына, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы.
Президенттің жарлығы биыл 10 қарашадан бастап күшіне енді.
Фото: Ақорда








