Алматы облысында туды өртеген 12 адам ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында бір топ адам жиналып Қытайдың көшбасшысы бейнеленген суретті және мемлекеттік туын өртеген.
“Материалдар сотқа жолданып, оның шешімімен 12 азамат Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, алты қатысушы 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Аталған факті бойынша “Өшпенділік тудыру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген өңірлік полицияның хабарламасында.
Ресми мәлімет бойынша, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицияның айтуынша, мемлекеттік рәміздерге қол сұғушылық, араздық тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер – заңның өрескел бұзылуы болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылады.
Фото: Видеодан скрин








