“Түркістан облысындағы үйді біреулер әдейі өртеген бе”: Премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысының Алғабас ауылында болған қайғылы жағдайға қатысты Үкімет отырысында сөз сөйлеп, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, өрт 18 қараша күні сағат 05:36-да жеке меншік екі қабатты үйде шыққан.

“От жалмаған тұрғын үй толықтай өртке оранып, шатырдың бір бөлігі опырылды. ТЖМ күштері дереу жіберілді, өрт 07:22-де толық сөндірілді”, – деді Бозымбаев.

Оқиға орнында 12 адамның мәйіті табылды, олардың ішінде 9 бала бар. Тағы үш адам ауруханаға жеткізіліп, Жетісай орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Бозымбаевтың айтуынша, оқиға орнында тергеу амалдары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін қылмыстық белгі анықталмаған. “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Үкіметтік комиссия отырыс өткізіп, бірқатар тапсырма берілді:

  • марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыру және отбасыларға көмек көрсету;

  • өрттің нақты себептерін анықтау;

  • ТЖМ тарапынан хостелдер мен жеке үйлерде, әсіресе әлеуметтік осал отбасылар арасында профилактикалық рейдтер жүргізу;

  • осындай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті өртке қарсы жабдықтарды орнатуды қамтамасыз ету.

 

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 42 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 63 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 128 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 59 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 56 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 97 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды