Түркістан облысы Жетісай ауданындағы 12 адам қаза тапқан өрттен аман қалған 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қарашада Жетісай ауданында болған өрт салдарынан ауыр халде жеткізілген 2018 жылы туған науқас қыз көз жұмған.
“Интенсивті терапия, профильдік мамандардың кеңестері және толық реанимациялық әрі детоксикациялық шаралар жүргізілгеніне қарамастан, өкінішке орай, науқасты құтқару мүмкін болмады”, — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма қыздың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін, Жетісай ауданының Алғабас ауылында 2 қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. 7 жасар қыздың өлімінен соң өртте қаза тапқан балалардың 10-ға жетті.








