Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: Үкім өзгеріссіз қалды

Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Іс бойынша апелляциялық сот түпкілікті шешім қабылдады. Бірінші сатыдағы сот үкімі заңды деп танылып, толық көлемде орындалуға жатады деп шешілді.

“17 желтоқсанда қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Костенко атындағы шахтада болған жарылысқа қатысты сотталғандар мен олардың қорғаушылары берген апелляциялық шағымды қарастырды. Нәтижесінде Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының 2025 жылғы 15 тамызда шығарған үкімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс шахтаның он лауазымды қызметкеріне қатысты қозғалған. Олардың қатарында шахта директоры, директордың орынбасары, бас инженер, жарылыс болған учаскенің басшысы, бірқатар учаске жетекшілері, бас механик және еңбек пен техника қауіпсіздігіне жауапты мамандар бар. Барлығы тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, абайсызда екі және одан да көп адамның қаза табуына, сондай-ақ кеншілердің денсаулығына ауыр және орташа ауыр зиян келтіруге жол бергені үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі).

Сот барысында өнеркәсіптік, өрт және еңбек қауіпсіздігі қағидаларының сақталмауы жарылысқа себеп болғаны анықталды. Соның салдарынан 46 кенші қаза тауып, тағы 26 адам көмір шаңының жануынан пайда болған жарылыс толқыны мен көміртек тотығының әсерінен әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Үкімге сәйкес, шахта директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орынбасарына, бас инженерге және учаске басшыларының біріне 7 жыл жаза тағайындалды. Айыпталушылардың біріне 6 жыл 6 ай, тағы үшеуіне 6 жыл, ал екеуіне 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар сотталғандарға үш жыл мерзімге тау-кен өндіру саласында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Облыстық сотта бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқықтық негіздер анықталмағаны аталып өтті.

Фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды