Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

16 желтоқсан күні таңертең Мәскеу маңындағы Одинцово қалалық округіне қарасты Горки-2 кентіндегі мектепте жасөспірім бірнеше адамды пышақтап жаралады. Шабуылды осы мектептің 15 жастағы оқушысы жасаған. Салдарынан 4 сынып оқушысы қаза тапты. +7.kz ақпарат агенттігі оқиғаның хронологиясын дайындады. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан үш адам — күзетші мен екі оқушы жарақат алған. Бір бала қаза тапты.

Шабуылдың хронологиясы

9-сынып оқушысы шабуылға алдын ала дайындалған. Қылмыс жасалған күні ол мектепке келіп, әжетханада киімін ауыстырған.

Кейін балалар тобына жақындап, олардың қай ұлттан екенін сұраған да, артынан пышақ шығарған.

Оны тоқтатпақ болған күзетшіге жасөспірім бұрыш баллонын шашып, пышақпен жарақаттаған, содан кейін кіші жастағы балалардың соңынан қуған. Ол 4-сынып оқушыларының бірін баспалдақ алаңында қуып жетіп, бірнеше рет пышақ сұққан. Қылмыскер болған жайттың барлығын видеоға түсіріп отырған.

Оқиғаға қатысты не белгілі?

“Бүгін сағат 9.00-де полицияға мектеп оқушысы күзетшіні пышақтап, 10 жастағы оқушыға пышақ жарақатын салғаны туралы хабар түсті. Алған жарақатынан бала қаза тапты”, — деп хабарлады Мәскеу облысының полициясы.

Шабуыл жасады деген күдікті ұсталып, “адам өлтіру” және “адам өлтіруге оқталу”бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өз кінәсін мойындаған. Одинцово қаласындағы мектеп ғимараты қолдан жасалған жарылғыш заттың бар-жоғына байланысты тексеріліп жатыр.

Артынша 15 жастағы жасөспірімнің кінәсін мойындағанын хабарлады.

“Ұсталған 15 жастағы жасөспірім тергеу барысында тергеушіге қылмысқа дайындалу барысы мен оны мектеп қабырғасында қалай жасағаны туралы дәйекті түрде айтып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді, куәлардан жауап алу жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, — деп мәлімдеді РФ Тергеу комитеті.

Тергеу комитеті жауап алу барысының егжей-тегжейін жариялаған жоқ.

Қаза тапқан баланың аты-жөні — Кобилджон Алиев. Ол Тәжікстан Республикасының азаматы. 4-сынып оқушысы 10 жасар Кобилджон Алиев анасы және бауырымен бірге тұрған. Баланың әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған көрінеді. Ал анасы оқиға болған мектепте тазалықшы болып жұмыс істеген.

Осы сәрсенбіде баланың мәйітін туыстарына тапсыру жоспарланған. Кейін оны Тәжікстанға жіберіп, сол жерде жерлеу көзделіп отыр. Ресейдегі Тәжікстан елшілігі отбасына мәйітті тасымалдау мен жерлеу рәсімін ұйымдастыруда көмектесуге дайын екенін білдірді.

Ақпараттан кейін Тәжікстан билігі Кобилджон Алиевтің өлімін қатаң айыптады. Олар бұл шабуылдың “ұлттық өшпенділік негізінде” болғанын атап өтіп, қаза тапқан баланың жақындарына көңіл айтты.

Осы оқиғаға байланысты Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев Тәжікстан СІМ-не шақырылып, Ресей билігінен “бұл қайғылы оқиғаны жедел, объективті және бейтарап тергеуді, сондай-ақ оған қатысы бар барлық тұлғаларды заңның қатаңдығына сай жауапкершілікке тартуды” талап ететін нота табысталды.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігіне қаза тапқан баланың отбасымен тұрақты байланыста болу, сондай-ақ тергеу барысы мен кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын бақылауда ұстау тапсырылды.

Оқиғадан кейін мектепте сәрсенбі және бейсенбі күндері сабақтар тоқтатылды.

Фото: ТАСС

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды