Жамбыл облысында қорғаныс министрлігінің жүгі тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Жамбыл облысында вагондарды тарату кезінде үш жүк вагонының соқтығысқаны туралы ақпарат тарады. Жағдайға қатысты “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған ақпаратта вагондардың рельстен шығып кеткені айтылған.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, 20 желтоқсанда Жамбыл облысында сұрыптау дөңесінен вагондарды тарату барысында үш жүк вагонының бүйірінен соқтығысуы орын алған. Нәтижесінде үш вагон да барлық доңғалақ жұптарымен рельстен шығып, қырынан құлаған”, делінген жазбада.

Дереккөздің хабарлауынша, екі вагонда Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мүлкі тасымалданған.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы Түрксіб станциясында вагондарды тарату жұмыстары кезінде жолға шығып бара жатқан жүк пойызымен бүйірлік соқтығыс болғаны хабарланды.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысында кідіріс болған жоқ, оқиға басқа құрамдардың жүру кестесіне әсер еткен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде жүргізілді”, деп мәлімдеді компания өкілдері.

Қазіргі таңда Түрксіб станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны нақтыланды.

Қорғаныс министрлігі де оқиғаны растады, алайда вагонда әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрілер болмағанын мәлімдеді. 

“20 желтоқсанда Жамбыл облысындағы Түрксіб станциясында маневрлік жұмыстар барысында вагондардың рельстен шығуы тіркелді. Онда тылдық мақсаттағы мүлік тасымалданған. Құрамда әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрілер болған жоқ”, деп хабарлады ведомство.

Материалдық шығын көлемі тексеру қорытындысы бойынша комиссия тарапынан анықталатыны айтылды.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды