Қазақстанда шоколад пен кондитерлік өнімдер қымбаттады

Қазақстанда шоколад пен кондитерлік өнімдер қымбаттады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Energyprom деректеріне сүйенсек, елде бір жыл ішінде кондитерлік өнімдердің бағасы 19%-ға өскен. Бұл 2023 және 2024 жылдармен салыстырғанда бір жарым есе жоғары өсім. Бағалар қатарынан он ай бойы айтарлықтай өсіп келеді.

Ең жоғары баға өсімі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген (+27,5%). Одан кейін Астана қаласы мен Жетісу облысы тұр. Сондай-ақ Шымкент қаласында, Павлодар және Алматы облыстарында кондитерлік өнімдер бағасы шамамен төрттен біріне жуық өскен.

Бағаның ең төмен өсімі Түркістан облысында байқалғанымен, онда да қымбаттау деңгейі 10,9%-ды құрады.

“Кондитерлік өнімдер арасында ең қатты қымбатаған шоколад. Бағасы бір жылда бірден 37%-ға өскен. Сонымен қатар зефир мен пастила бағасы 19,6%-ға, шоколадпен қапталған кәмпиттер 17,1%-ға қымбаттаған. Шоколадпен қапталмаған кәмпиттер 10,3%-ға, халва 9,6%-ға, карамель 7,8%-ға, мармелад 5,6%-ға өскен”, – деп атап өтті  Energyprom .

Сонымен қатар Қазақстанда тәттілер тек қымбаттап қана қоймай, азайып та барады. Әсіресе отандық өнімдер. 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елдегі кондитерлік өнім өндірісі 3,1%-ға қысқарған (ал 2024 жылы бұл көрсеткіш бірден 14%-ға төмендеген).

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды