Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылардың қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер 2026 жылға арналған бюджетте зейнетақылар мен жәрдемақыларды 10 пайызға арттыру көзделгенін мәлімдеді.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болды. 2026 жылғы бюджетте зейнетақылар мен жәрдемақыларды ұлғайтуға ғана 636 миллиард теңге қарастырдық”, деді Жұманғарин.

Ол индексацияның азаматтарды қолдауға бағытталған кең ауқымды бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Жұманғарин Ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және үкіметтің экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен азаматтарды қолдауға бағытталған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бар екенін еске салды.

Біз Ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және үкіметтің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жасадық. Мұнда тек зейнетақылар мен жәрдемақыларды индексациялау ғана емес, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі де қамтылған. Бұл өте маңызды”, деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақының қазіргі мөлшері аталған болатын. Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды