Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шешім Үкіметтің 20 желтоқсандағы қаулысымен қабылданғаны атап өтілді. Қордың мәліметінше, қазіргі таңда директорлар кеңесінің құрамында сегіз мүше бар, олардың төртеуі тәуелсіз директорлар. Директорлар кеңесінің төрағасы – премьер-министр Олжас Бектенов.

Самұрық-Қазына” қоры мұндай құрылым корпоративтік басқарудың озық тәжірибелеріне сай келетінін және стратегиялық шешімдерді теңгерімді қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, биыл 24 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Досаев 2022 жылғы қаңтардан бері атқарған Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылған болатын.

Ал қыркүйек айында мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Ерболат Досаев президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related Posts

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды