Ақтауда бір топ жасөспірім 13 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
NeMolchiKZ қоры Ақтауда 13 жастағы қызды ұрып-соғып, қорлап, мазақ еткен. Қыздың қолына кеңсе пышағымен ойып қорлайтын сөздер жазған.
Қыздың анасы көмек сұрап, қорға жүгінген.
2024 жылдың қыркүйегінде қыздың анасы полицияға арыз берген. Алайда, ол тергеу созылып жатқанын және күдіктілер әлі күнге дейін бостандықта жүргенін айтады. Оқиғадан кейін қыз ауыр психологиялық жағдайға түсіп, мектепке баруды тоқтатып, қазір дәрі қабылдап жатқан көрінеді.
Құқық қорғаушылар Бас прокуратурадан тергеуді бақылауға алуды талап етті.
Маңғыстау полиция департаменті қазір қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде”, – деді полиция департаменті.
Фото: pixabay.com








