Түркістан облысында сот 7 жастағы қызды зорлаған 14 жастағы жасөспірімді 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Сот 2025 жылдың 7 шілдесінде 14 жастағы жасөспірім А. есімді 7 жасар қызды көріп, оны әңгімелесу сылтауымен көпірдің астына апарып, қарсылығына қарамастан күшпен зорлағанын анықтады.
Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі қатаң жаза мен 20 миллион теңге моральдық шығынды талап етті. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен, айғақ материалдарымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталды.
“Сотталушының бұрын сотты болмағанын және кінәсін ішінара мойындағанын ескере отырып, сот бұл мән-жайларды жеңілдететін мән-жайлар деп тапты. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Кәмелетке толмаған сотталушы С. 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді”, – деп мәлімдеді сот.
Жәбірленушінің заңды өкіліне моральдық шығын ретінде 8 миллион теңге өндіріп алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.








