Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Ол Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильміндегі басты рөлімен танымал.
Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.
Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай.
Коллаж: +7.kz








