Қазақстанда танымал шайлардан қауіпті қоспалар анықталды

Қазақстанда қара шайдың бірқатар маркаларын елге әкелуге және сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Тиісті қаулыға 5 қаңтар күні бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қол қойған. Шешім бақылау сатып алулары мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларының нәтижесінде қабылданған. Тексеру барысында қолданыстағы нормалармен тыйым салынған тағамдық бояғыштар қосылған қара шайдың өндіріліп, сатылғаны анықталған.

Өнім құрамынан сары “Күн батуы” (E110), тартразин (E102) және понсо 4R (E124) бояғыштары табылған. Бұл заттарды Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес шай құрамында қолдануға болмайды.

Сондай-ақ шай қаптамаларында өндіріс пен қаптау орындарының жалған мекенжайлары көрсетілген. Бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізуге рұқсат беретін құжаттардың жоқ екенін білдіреді. Аталған деректер санитариялық-эпидемиологиялық тексерістер кезінде анықталған.

Тыйым салынған шай маркалары

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты келесі қара шай түрлерін Қазақстан аумағына әкелуге және сатуға тыйым салынды:

  • «Апамның шәйі Premium Gold», Al-Hayat Golg, «БАЛҚИЯ Premium Gold» — өндіруші: Orda Trade Astana ЖШС (Алматы облысы);

  • Sultan Suleyman, Pakistan tea — өндіруші: Real Trade Astana ЖШС (Астана);

  • «БАЛҚИЯ Premium Gold» — өндіруші: «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);

  • Aje Onim — өндіруші: «Орда Чай» ЖК (Алматы), «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;

  • Al-Hayat Golg — өндіруші: Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);

  • Al-Jannat Premium — өндіруші: Ferdaus ЖК (Алматы);

  • Alfarah — өндіруші қаптамада көрсетілмеген.

Санитариялық қызмет өкілдері қазақстандықтарды өнімнің таңбалануына және шығу тегіне мұқият болуға шақырды. Ал кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын ескертті.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды