Алматыда ер адам мешітке келгендерді тонаған

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректерін әшкереледі. Күдікті ұсталып, оның жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысын жасырын жүзеге асырған.

“Азаматтардың қауіпсіздігін, әсіресе адам көп жиналатын орындарда қамтамасыз ету – біз үшін аса маңызды. Мұндай қылмыстар тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына да нұқсан келтіреді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде ұрлықтарға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденді. Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

“Азаматтарды жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырамыз. Түскен барлық ақпарат міндетті түрде мұқият тексеріледі”, – деп толықтырды  Байғараев.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды