Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Алматы қаласынын 46 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44-те болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, ал Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 2,9 болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісінің магнитудасын 4,0 деп хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.

Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Ол кездегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болған.

“Дабыл сөмкесі” 

Бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті сейсмоқауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға арналған “дабыл сөмкесі” туралы еске салған еді. Бұл – құтқарушылар келгенге дейін немесе қауіпсіз жерге эвакуацияланғанға дейін өмір сүруге қажетті ең негізгі заттар салынатын жиынтық. Әсіресе, Алматы сияқты сейсмикалық қауіпті өңірлерде мұндай сөмкенің маңызы зор.

Фото: pixabay.com

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды