2026 жылғы қасиетті Ораза айының нақты күндері белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми мәлімет жариялады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Мұсылман күнтізбесі айдың фазаларына негізделетіндіктен, Рамазан айының ұзақтығы жыл сайын өзгеріп отырады. Ораза 29 немесе 30 күнге созылуы мүмкін, ал нақты мерзім жаңа айдың көрінуіне байланысты белгіленеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегіне сәйкес, 2026 жылы:
- Рамазан (Ораза) айының басталуы — 19 ақпан 2026 жыл
- Қадір түні (Ләйләтул-Қадр) — 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн
- Ораза айт (Ид әл-Фитр, Ураза-байрам) — 20 наурыз 2026 жыл
Осылайша, мұсылмандар 2026 жылы ақпан айының ортасынан бастап ораза ұстап, наурыз айының соңына қарай Ораза айтты қарсы алады.
Ораза айт — Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ең маңызды ислам мерекелерінің бірі. Бұл күні мұсылмандар таң намазынан кейін айт намазын оқып, бір-бірін құттықтайды, туыстарын аралап, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетеді.
Қадір түні қашан болады?
Исламда Қадір түні мың айдан да қайырлы түн саналады. Дәл осы түні пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) Құранның алғашқы аяттары түскен.
2026 жылы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, ислам мерекелерінің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.
“Хижра айлары халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып алдын ала белгіленді. Алайда мерекелердің нақты күні жаңа айдың көрінуіне қарай нақтыланады”, — делінген ҚМДБ хабарламасында.
Фото: pixabay.com








