“Кешірім сұраймын”: Әкесін ұрып өлтірді деген күдікті сотта жылап жіберді

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Сот барысында айыпталушы эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберді. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады.

“Барлығынан кешірім сұраймын. Барлық қазақ халқынан. Мен өз ісіме шын жүректен өкінемін. Туысқандарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкінетін боламын. Қателестім. Барлық мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді сұраймын. Кінәмді толық мойындаймын”, – деді сотта ер адам.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде баласының әкесін ұрып-соққан видеосы тараған еді. Видеоны отбасының көршісі түсіріп алған.

Кейін белгілі болғандай, қарт адам көз жұмған. Полиция ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды