Жетісу облысында анасы баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққан

Жетісу облысы Жаркент қаласында жантүршігерлік оқиға тіркелді. Анасы баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Аталған дерек бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғады. 28 жастағы әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін осындай шешім қабылданған.

Сонымен қатар, қамқоршылық органдарына әйелді ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін тиісті материалдар жолданатын болады.

“Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Балалар Жаркенттен қауіпсіз жерге көшірілді. ҚР оқу-ағарту министрлігінде олардың жағдайы тұрақты екенін, қажетті медициналық көмек көрсетілгенін және психологтардың жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

“Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында”, – деп мәлімдеді балалардың құқықтарын қорғау комитетінде.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды