Павлодарда балдақпен жүріп, есірткі таратқан күдікті ұсталды

Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды +7.kz.

Полицияның мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған 54 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады.

Жедел түсірілім бейнежазбасына қарағанда, күдікті балдақтың көмегімен қозғалған.

“Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар екі орама мен үш темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және zip-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды”, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды