Семейде түнгі уақытта сталкинг жасаған қыз жазаланды

Семей қаласының тұрғыны жұмыстан қайтып келе жатқан кезде бейтаныс қыздың оның ілесіп, боқтық сөз айтып, оғаш мінез танытып, қорқытқан видеосы тараған еді. Түнгі уақытта қудалау дерегі бойынша қызға айыппұл салынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Сот 24 жастағы қыздың әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде бағалап, қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолданғаны үшін 85 мың теңге айыппұл салды. Аталған жаза тек осы құқықбұзушылыққа қатысты тағайындалған.

Алайда жәбірленуші соттың шешімі әділ емес екенін айтып, қоқан-лоқы көрсету мен қудалау деректеріне тиісті құқықтық баға берілмегенін алға тартты. Сондай-ақ ол полиция мен прокуратураның жұмысына наразылығын білдірді.

29 қаңтар күні Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, сталкингке қарсы заң жақында ғана қолданысқа енгізілген.

“Бұл заң толыққанды жұмыс істейді, алайда белгілі бір құқықтық тәжірибе қалыптасуы үшін уақыт қажет. Қазіргі кезде біз қызметкерлерді оқыту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал осы нақты оқиғаға байланысты барлық материалдар қайта қаралып, мән-жайы егжей-тегжейлі тексеріледі. Қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданады”, — деді ол.

Желі қолданушылары мен жәбірленуші тарап бұл оқиғаға берілген құқықтық бағаны жеткіліксіз деп санайды.

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды