Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан турист қаза тапты

Алматы тауларында қар көшкіні салдарынан турист қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға 22 ақпан күні таңертең болған. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт адамнан құралған топ Титова асуында жүрген кезде қар көшкіні болған. Қалың қардың астында екі турист қалып қойған.

Олардың бірі өз күшімен қар астынан шығып үлгерген. Ал екіншісін қар толықтай басып қалған.

Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД-ның №23 құтқару бөлімшесінің мамандары, “Барыс” республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологтар мен еріктілер жұмылдырылды. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылған.

“Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылып, нәтижесінде марқұмның денесі қар астынан шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салсақ, 22 ақпанда Сухой Лог аумағында қар көшкіні астында қалған ер адам құтқарылған еді.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды