Катар Қазақстаннан Tele2 байланыс операторын сатып алмақ

Катар Қазақстаннан Tele2 байланыс операторын сатып алмақ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Президенттің айтуынша, газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Катар арасындағы инвестициялық ықпалдастықтың негізі саналады. Бұл бағыттағы ауқымды жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.

“Мемлекет басшысына PIH компаниясының телекоммуникация нарығындағы қызметін кеңейту жоспары баяндалды. Холдинг мұны Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу келісімшарты аясында іске асырмақ”, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания осы арқылы телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғыртуға, қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті мен PIH компаниясының басшылары өзара ықпалдастықты одан әрі жандандырып, перспективті инвестициялық жобаларды іске асыруға бейіл екенін растады.

Related Posts

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды