Мәсімов пен Келімбетов бар: Депутат “Эпштейн” ісі бойынша экс-шенеуніктерді тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов жалпы отырыста Бас прокурордың атына сауал жолдап, Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің Джеффри Эпштейн-мен ықтимал байланыстарын тексеруді талап етті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жарияланған “Эпштейн файлдарында” бұрынғы саяси элита өкілдерінің аты аталады. Депутат Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныстығы болуы мүмкін екенін айтып, олардың кездесулері қайда және қандай мақсатта өткенін анықтау қажет екенін мәлімдеді.

“Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы Премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны байқалады. Көптеген сұрақ туындайды. Неліктен жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге бастамашылық жасап, онымен жолыққан? Бұл кездесулер қай жерде өтті? Сол атақты аралда емес пе?” – дейді Асхат Рахымжанов.

Сондай-ақ құжаттарда Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов туралы да деректер бар екені айтылды.

Рахымжановтың сөзінше, хат алмасуларда аталған тұлғалардың Эпштейнмен байланыстары, бірлескен іс-шаралары және басқа да жоғары лауазымды адамдар жайлы мәліметтер кездеседі.

“Хат алмасуда Мәсімов пен Келімбетовтің Джеффри Эпштейнмен байланыстары мен кездесулері талқыланады, жеке сәлем жолданады, түрлі бірлескен іс-шаралар сөз болады. Сондай-ақ аты аталмаған басқа тұлғалар, мысалы, мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты болған белгілі бір жоғары лауазымды генерал туралы да айтылады”, – дейді депутат.

Бұдан бөлек, Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені айтылып, оның елдегі байланыстары толық ашылмауы мүмкін екені атап өтілді. Халықаралық жарияланымдарда Қазақстаннан шыққан модель Руслан Коршунов туралы да сөз қозғалған.

Депутат бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге назар аударуды талап ететінін айтты. Атап айтқанда, мемлекеттік құпиялардың жария болуы, дербес ақпараттардың жылыстауы, лауазымды тұлғаларды бопсалау тәуекелдері сияқты мәселелерге құқықтық баға берілуі тиіс екенін жеткізді.

Осыған байланысты депутат Бас прокуратура мен ҰҚК-ден “Эпштейн файлдарында” аты аталған қазақстандық тұлғалардың байланыстарын жан-жақты тексеруді, кездесулердің мақсаты мен сипатын анықтауды және тексеру нәтижелерін Парламент пен қоғамға жария етуді сұрады.

Фото: Getty Images

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды