2026 жылғы “Оскар” сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Биыл режиссер Пол Томас Андерсонның “Шайқас үстіне шайқас” фильмі басты жеңімпаз атанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. The Hollywood Reporter-ге сілтеме жасап.
2026 жылғы “Оскар” марапаттау рәсімі 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні Лос-Анджелесте өтті. Биыл да шараны жүргізуші Конан О’Брайен болды. Биыл бірнеше номинация бойынша “Күнәһарлар”, “Шайқас үстіне шайқас”, “F1” және “Қарапайым кездейсоқтық” фильмдері ұсынылды.
Екінші пландағы үздік актриса
Жеңімпаз: Эми Мэдиган — “Құралдар”.
Екінші пландағы үздік актер
Жеңімпаз: Шон Пенн — “Шайқас үстіне шайқас”.
Үздік бейімделген сценарий
Жеңімпаз: Пол Томас Андерсон — “Шайқас үстіне шайқас”.
Үздік актриса
Жеңімпаз: Джесси Бакли — “Гамнет”.
Үздік актер
Жеңімпаз: Майкл Б. Джордан — “Күнәһарлар”.
Үздік режиссер
Жеңімпаз: Пол Томас Андерсон — “Шайқас үстіне шайқас”.
Үздік түпнұсқа сценарий
Жеңімпаз: Райан Куглер — “Күнәһарлар”.
Үздік анимациялық фильм
Жеңімпаз: “Кей-поп: жын аулаушылар”.
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм
Жеңімпаздар: Крис Лавис пен Мачек Щербовский — “Жемчуг болып жылайтын қыз”.
Үздік қысқаметражды көркем фильм
Жеңімпаздар:
Сэм А. Дэвис пен Джек Пиатт — “Әншілер”;
Александр Сингх пен Натали Мустеата — “Сілекей алмасқан екі адам”.
Үздік кастинг
Бұл номинация бойынша “Оскар” алғаш рет табысталды.
Жеңімпаз: “Шайқас үстіне шайқас” фильмінің кастинг-директоры Кассандра Кулукундис.
Үздік костюм дизайны
Жеңімпаз: Кейт Хоули — “Франкенштейн”.
Үздік декорация дизайны
Жеңімпаздар: қоюшы-суретші Тамара Деверелл және декоратор Шейн Вио — “Франкенштейн”.
Үздік грим мен шаш үлгісі
Жеңімпаздар: Майк Хилл, Джордан Сэмюэл және Клиона Фьюри — “Франкенштейн”.
Үздік шетелдік фильм
Жеңімпаз: “Сентименталды құндылық” — Норвегия.
Үздік визуалды эффектілер
Жеңімпаздар: Джо Леттери, Ричард Бэйнхэм, Эрик Сэндон және Дэниел Барретт — “Аватар: От пен күл”.
Фильмге арналған үздік музыкалық сүйемелдеу
Жеңімпаз: Людвиг Горанссон — “Күнәһарлар”.
Үздік ән
Жеңімпаз: Golden — “Кей-поп: жын аулаушылар” фильмінен. Музыкасы мен сөзін EJAE, Марк Зонненблик, Чжун Гю Квак, Ю Хан Ли, Хи Дон Нам, Чон Хун Сон және Тедди Пак жазған.
Үздік дыбыс
Жеңімпаз: “F1″— Гарет Джон, Эл Нельсон, Гвендолин Йейтс Уиттл, Гэри А. Риццо және Хуан Перальта.
Үздік деректі фильм
Жеңімпаз: “Белгісіз мырза Путинге қарсы” — Дэвид Боренштейн, Павел Таланкин, Хелле Фабер және Альжбета Караскова.
Үздік қысқаметражды деректі фильм
Жеңімпаз: “Барлық бос бөлмелер” — Джошуа Сефтел және Коналл Джонс.
Үздік монтаж
Жеңімпаз: “Шайқас үстіне шайқас” — Энди Юргенсен.
Үздік операторлық жұмыс
Жеңімпаз: “Күнәһарлар” — Отем Дюралд Аркапау.
Үздік фильм
Жеңімпаз: “Шайқас үстіне шайқас”. Продюсерлері — Адам Сомнер, Сара Мерфи және Пол Томас Андерсон.
Салтанатты рәсім аясында “Вегастағы қыздар кеші” фильмінің актерлері арнайы кездесуге жиналды. Оған қазіргі “Оскар” үміткері Роуз Бирн, Элли Кемпер, Кристен Уиг, Майя Рудольф және Мелисса Маккарти қатысты. Сондай-ақ Marvel актерлері Роберт Дауни-кіші мен Крис Эванстың қатысуымен кездесу өтті.
Бағдарлама барысында өткен жылы өмірден өткен бірқатар кино жұлдыздарын еске алу рәсімі өтті. Олардың қатарында Роб Райнер, Роберт Редфорд, Дайан Китон және Кэтрин О’Хара бар.








