Трамп: АҚШ пен Иран арасында келіссөздер өтті

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жаңа дипломатиялық кезеңге өтті. Дональд Трамп соңғы екі күн ішінде Вашингтон мен Тегеран арасында “өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер” өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы Трамп Truth Social платформасындағы парақшасында жазған.

Америка президентінің айтуынша, тараптар Таяу Шығыстағы келіспеушіліктерді толық әрі түпкілікті реттеу жолдарын талқылаған. Келіссөздердің сипатын “терең, жан-жақты және конструктивті” деп бағалаған Трамп олардың алдағы апта бойы жалғасатынын атап өтті.

Осыған байланысты Ақ үй басшысы АҚШ Қорғаныс министрлігіне Иранның энергетикалық инфрақұрылымына, соның ішінде электр станцияларына соққы беруді бес күнге кейінге қалдыруды тапсырған. Алайда бұл шешім келіссөздердің табысты жалғасуына тікелей байланысты екенін ескертті.

Сонымен қатар, Иранның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәліметті жоққа шығарып, елдің АҚШ-пен ешқандай форматта – тікелей де, делдалдар арқылы да байланыс орнатпағанын хабарлады.

Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери операциясы өз мақсаттарына жақындап қалғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, негізгі міндеттер қатарында Иранның зымырандық әлеуетін толық жою, қорғаныс өнеркәсібін әлсірету, сондай-ақ әскери-теңіз және әуе күштерін, оның ішінде әуе қорғаныс жүйелерін істен шығару бар.

Ақ үй басшысы сондай-ақ Иранға Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын 48 сағат ішінде қалпына келтіру жөнінде талап қойған. Әйтпеген жағдайда энергетикалық нысандарға соққы жасалатынын ескерткен.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы – әлемдік энергетика үшін стратегиялық маңызы зор аймақ. Мұнда мұнай мен сұйытылған газдың едәуір бөлігі тасымалданады. Сондықтан бұл бағыттағы кез келген тұрақсыздық жаһандық нарыққа тікелей әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы мәлімдемелер әскери эскалация мен дипломатиялық диалогтың қатар жүріп жатқанын көрсетеді. Алдағы күндері келіссөздердің нақты нәтижесі аймақтық қауіпсіздікке ғана емес, әлемдік экономикаға да ықпал етуі ықтимал.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды