Доллар бағамының төмендеуі: Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының құлдырау себебін айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Сүлейменов доллар бағамы экспорттық түсімге тікелей байланысты екенін алға тартты.

“Бағамның өскені бізге ұнамайтыны анық. Төмендегені де ұнамай ма сонда? Яғни, теңге нығайып жатыр деуге болады. Бірақ бұл – базалық экономика. Қазақстанның негізгі экспорттық тармағы – бағасы өсіп келе жатқан мұнай және ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы. Көлем сол күйінде қалғанымен баға өсіп жатыр. Соған сәйкес экономикаға түсетін экспорттық түсім көлемі де, валюта нарығында ұсынылатын қаражат та артады. Демек, бірлік бағасы, яғни доллар бағамы төмендейді”, — деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Осы ретте БАҚ өкілдері одан доллар бағамы құлдырауы аясында Ұлттық қор қаншалық шығынға ұшырағанын және қаражатын доллармен сақтап отырған отандастарына қандай кеңес берерін сұраған еді.

“Ұлттық қор жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін емес. Өйткені Ұлтық қордың валюталық бөлігіне қараймыз. Ол доллармен сақталған. Біз инвестициялық кеңес бере алмаймыз”, – деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар, ол теңгені тұрақты валюта деп атады.

“Қазақстан теңгесі өзінің тұрақтылығын дәлелдеді. Естеріңізде болса, жекелеген сарапшылар кезінде 1 доллар мың теңге, 2 мыңге болатынын айтқан еді. Сол уақытта біз оған іргелі де, нарықтық да алғышарттардың мүлдем жоқ екенін айтқан болатынбыз. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, теңге – тұрақты валюта. Өткен жылдың қорытындысында ол өте жақсы табыстылығын көрсетті. Қазіргі уақыттта ең тартымды валюталардың бірі. Сіздер де халықаралық рейтингтерден, басқаларынан көріп отырсыздар”, – деді Ұлттық банк төрағасы.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі валюта бағамдары: АҚШ доллары – 478,77 теңге; еуро – 548,62 теңге; ресей рублі – 5,78 теңге; қытай юані – 69,31 теңге.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды