2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға артқан.

Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер: Түркістан облысы – 2 146 739 адам (жыл басынан бері өңір халқы 2 466 адамға азайған) және Алматы қаласы – 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға көбейген).

1 миллионнан астам қазақстандық тұратын өңірлер:

  • Астана – 1 655 369 адам;
  • Алматы облысы – 1 603 496 адам;
  • Шымкент – 1 300 357 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 214 965 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 131 613 адам.

Ең аз халық қоныстанған өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 218 596 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 513 386 адам;
  • Абай облысы – 594 766 адам.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалаларда 13 120 922 қазақстандық тұрған (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда 7 411 318 адам өмір сүрген (3 394 адамға азайған).

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы да мәлімет жариялаған болатын.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды