Нұрай Серікбай ісі: Күдікті мәжбүрлі емнен кейін тергеу изоляторына жеткізіледі

Нұрай Серікбайдың өліміне басты күдіктінің Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға жіберілуіне қатысты Шымкент полициясы түсіндірді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктінің медициналық қорытынды негізінде мәжбүрлі емдеуге жіберілгені белгілі болды.

“Күдіктіге екі мәрте жүргізілген сот-психиатриялық сараптама оның психикалық ауытқулары бар екенін көрсеткен. Соның негізінде ол арнайы мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылған”, – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері күдіктінің емдеу курсы аяқталған соң қайтадан тергеу изоляторына жеткізілетінін және іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасатынын атап өтті.

Марқұмның отбасының адвокат Аянхан Омаров күдіктінің Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында орналасқан республикалық мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Оның айтуынша, күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығына қатысты түпкілікті шешім тек толық емдеу мен барлық сараптамалар аяқталғаннан кейін ғана қабылданады. Сонымен қатар, күдікті бұған дейін Шымкентте психиатриялық есепте тұрмаған.

Нұрай Серікбайдың ағасы тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай бұл жағдайға күмәнмен қарайды. Ол күдікті жауапкершіліктен жалтару үшін ауруды әдейі сылтау етуі мүмкін екенін айтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бірдей ауыр бабы “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”, “Неке қиюға мәжбүрлеу” және “Сталкинг” бойынша іс қозғалған. Тергеу жалғасуда.

11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмды. Интернетте тараған бейнежазбада қыздың қашуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал күдіктінің оны ұрып-соғып, пышақпен бірнеше рет жарақаттағаны көрінеді. Оқиғадан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалаған.

13 қаңтарда полиция күдіктіні қаладан 10 шақырым қашықтықта ұстады. Ол марқұмның танысы, 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды