2026 жылғы 1 сәуірден бастап Ибрахим Жанлыел Air Astana тобының бас атқарушы директоры (CEO) қызметіне кірісті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл қызметкер тағайындалғанға дейін ол 2017 жылдан бері әуе компаниясының қаржы директоры қызметін атқарған. Жалпы алғанда 14 жылдан астам уақыт бойы тасымалдаушының басқарушы құрамында болған. Осы кезеңде компания стратегиялық даму бағытын іске асырып, 2024 жылы Ұлыбритания мен Қазақстанның қор нарықтарына шықты.
CEO қызметінде Жанлыел операциялық тиімділікті арттыруға, тұрақты өсімге және FlyArystan брендін қамтитын топтың екібрендтік моделін дамытуға баса назар аударуды жоспарлап отыр.
Тағайындалуына қатысты пікір білдірген ол компанияның негізгі қағидаттарын, соның ішінде қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтап қалуды, сондай-ақ коммерциялық және қаржылық тәуелсіздікті нығайтуды көздейтінін айтты.
Air Astana тобы әуе кемелерінің саны мен жолаушылар ағыны бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағында жетекші орындардың бірін иеленіп, өңірлік хабтар арқылы маршруттық желісін дамытып келеді.
Фото: Air Astana








