Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Сот бұрын тонау дерегі бойынша сотталған күдіктіге қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді”, – делінген хабарламада.
Әділетхан Молдахан – әлеуметтік желілерде кеңінен танылған блогер, Instagram парақшасына 1 миллионнан астам жазылушысы бар. Ол құқықтық тақырыптағы қызметімен көпшілікке танымал және азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес ұсынады.
2026 жылғы 31 наурызда Алматы қаласында Әділетхан Молдаханның ұсталғаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, оған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.








