Ауласындағы итті күрекпен ұрған: Атырау тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

Атырауда ауласындағы итті күрекпен ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған видеода келіншек байлаулы тұрған итті күрекпен аяусыз ұрып, жарақаттағанын көруге болады.

“31 наурыз күні шамамен сағат 17:30-да полицияға үй жануарына қатыгездік көрсету фактісі туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайдан 39 жастағы әйелді анықтаған”, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар келген кезде әйел қарсылық көрсетіп, заңды талаптарды орындамаған. Осыған байланысты ол полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жануарларға қатыгездікпен қарау — тұрмыстық “жанжал” емес, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқықбұзушылық. Мұндай барлық фактіге құқықтық баға берілетін болады”, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды